Мектеп директоры

Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп –гимназия  директоры. Еңбек өтілі 28 жыл. Көп жылдардан бері басқару саласында еңбек етумен қатар, физика пәні мұғалімі қызметін де абыроймен атқаруда. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылық және кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін барлық жағдай  жасалған. Мектеп – гимназияның материалдық -техникалық базасын нығайтуда заман талабына сай жабдықталған химия, биология, физика, мультимедия кабинеттері оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде үлкен рөл атқаруда.  Мектеп-гимназия ұстаздары «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі» сайыстарында бас жүлде және ІІ орындарды иеленсе,  оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық білім байқауларында, ғылыми- практикалық конференцияларда,спорт, өнер сайыстарында жүлделі орындарды иеленіп жүр.

            Шаянбаева Ж.А  -  өзіне жоғары талап қоя білу, өзіндік тәртіп, алған.еңбекшілдік, жауапкершілдік, көпшілікпен тіл табыса білу сияқты жеке бас қасиеттерімен ерекшеленеді.    Жанагул Асқарқызы  осындай  қажырлы еңбектері үшін қалалық оқу бөлімінің, қала, облыс әкімінің грамотасымен бірнеше мәрте және  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.